Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН – РУМЫНИЯ МАТЧЫ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

2016 жылы 11  қазан күні сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Румыния арасындағы ұлттық құрамалар  футбол  матчы өтеді.

2a115a0bdbfd4dfe0bcd0c1b63581f6b_xl

Осыған орай бүгін 20.00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі жол қозғалысы матч аяқталғанға  дейін тоқтатылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен айналып жүру ұсынылады.

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және бұқаралық шараның өтуіне байланысты жеке көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қаласы Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз.

Футбол матчы жанкүйерлеріне жиналу және жеткізу арнайы рейстармен бес пункттен келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

  • «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);
  • «Хазрет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаева даңғылы);
  • «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы );
  • Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы);
  • Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button