Мәдениет

Қазақстан – ынтымақ мекені

Бүгінгі таңда «Достық» үйінде орналасқан армян халқының «Ван» этно-мәдени орталығында 60-70 азамат жұмыс істейді.

Біздің қауымдастық ашылған күннен бастап белсенді жұмыс атқарып, түрлі мәдени іс-шараларға қатысып келеді. Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 1500-ге жуық армян халқы өмір сүреді. Ал Қазақстан бойынша 37 мың армян бар. Сонымен бірге Ақмола облысындағы «Алжир» лагерінде 75 армян әйелдері болған деген деректер бар. Ол кезеңде адамдар аштықтан қаза болған. Қазақстандықтар біздің халықты сол қиын кезеңнің өзінде қабылдаған. Деректі фильмдерді қарап отырсаңыз, аштық және репрессия кезеңінің қиындығын, аштық пен қасіретті көруге болады. Ол жылдар ел басына күн туған қасіретті оқиға бүгінде тарих қойнауында мәңгілікке сақталып қалды. Біз оны ұмытпауымыз керек. Бірлік және ынтымақ мерекелерінде Қазақстандағы барлық ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіреді. Біз қазақ жерінде өмір сүріп, осы халықтың тарихымен таныс болып, мәдениеті мен салт-дәстүрін білуіміз керек. Репрессия кезінде қоныстанған армяндар бүгінде осы жерде, қазақ елінде өмір сүріп келеді. Себебі Қазақстан – біздің үйіміз. Қазақстанға қоныс аударып, біз екінші Отанымызды, екінші үйімізді таптық.

<strong>Саак САЛУМЯН,
қалалық «Ван» армян қоғамдық бірлестігінің
басшысы, запастағы полковник

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button