Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ

Куспангалиева

Сейсенбі күні ҚР Президентi жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке Еуразиялық ықпалдасу институтының директоры Жанаргүл Құсманалиева мен Еуразиялық интеграция институтының бөлім меңгерушісі Владимир Тельнов қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық интеграция тақырыбында дәріс оқығаны белгілі. Осыған байланыс­ты өз пікірін білдірген Жанаргүл Құсманалиева Елбасымыздың дәрісі экономикалық және әлеуметтiк саладағы ұзақ мерзiмдi болашаққа арналған жоспары екенін айтты. «Президент 2050 жылы Қазақстанды әлемнiң ең дамыған 30 елiнiң қатарына енгізу мiндетiн қойды. Әрі бiздiң серiктестерiмiзге 2050 жылға қарай әлемдегi интеграциялық бiрлестiктердiң көшбасшысы үштiгiне енудi ұсынды» дейді ол. Ал, Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов «Қазіргі уақытта Қазақстан Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ түріндегі еуразиялық интеграцияның іргетасын қалады» дейді.

– Бұл бастама жаңа тарихи үдеріске айналды. Мемлекет басшысының пікірінше, Гумилев еңбектері Еуразия төскейіндегі халықтың бай тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеп, онымен мақтан тұтуға мүмкіндік береді. Оның аталмыш идеяларын бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев қайта көтеріп, еуразиялық ықпалдастықтың артықшылықтарын айтып қана қоймай, іске асыруда, – дейді ол.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button