Ел тынысы

Қазақстан жаһандық бастамаға қосылды

Қазақстан көміртегіге баға белгілеу жөніндегі жаһандық бастамаға (GCPC) серіктес ретінде қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай әлемдік көміртегі шығарындыларының 60%-ын баға белгілеу жүйесімен қамту.

Қазақстан сәуір айының басында GCPC серіктесі болған Францияға, сондай-ақ бар серіктестер: Канада, Чили, Дания, ЕО, Германия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Корея Республикасы, Швеция және Ұлыбритания, сондай-ақ Кот-д ‘ Ивуар мемлекеттеріне қосылды.

GCPC – бұл COP-26 кезінде Канада жариялаған көшбасшылар деңгейіндегі бастама. Ол экономикалық мақсаттарды көміртегі шығарындыларын азайту мақсаттарымен үйлестіреді және инновациялар мен технологияларға таза инвестицияларды ынталандырады. GCPC көмегімен серіктестер мен әріптестерге көміртегі бағасын енгізу бойынша жаһандық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу платформасы ұсынылады.

«Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайтуға деген және шығарындылар саудасы жүйесі (ETS) арқылы экологиялық таза технологияларды ілгерілетуге деген ұмтылысы жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күреске қатысты нақты ұстанымының айғағы. Көміртегі бағасының жаһандық бастамасына қосыла отырып, біз декарбонизацияға қол жеткізу туралы мақсаттарымызға сәйкес болашақ ұрпақ үшін тұрақты дамуды ілгерілету арқылы ұлттық ETS жүйесін нығайтуға тырысамыз», – дейді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

«Біз Қазақстанды көміртегі бағасының жаһандық бастамасының серіктесі ретінде қарсы алуғанымызға қуаныштымыз. Көміртегі бағасы туралы бастама көптеген елдер қабылдаған кезде тиімді болады. Өйткені кең қамту таза шешімдерді табуға көбірек мүмкіндік береді. Динамика өскен сайын біз де 2030 жылға қарай  жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 60%ын көміртегі бағасымен қамту мақсатымызға жете аламыз. Серіктестер мен әріптестердің саны артып келе жатқандықтан, GCPC жаһандық климаттық іс-шаралардың алдыңғы қатарында тұр. Бұл тұрақты және төмен көміртекті болашаққа беттеп келе жатқанымызды білдіреді» – , GCPC консультативтік комитетінің төрағасы және Канаданың климаттың өзгеруі жөніндегі елшісі Кэтрин Стюарт.

GCPC тарихына келер болсақ, Көміртегі бағасының жаһандық бастамасын(GCPC) Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо COP26 кезінде жариялған. Ол әлемдік қауымдастық алдына 2030 жылға қарай жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 60%-ын нақты баға жүйелерімен қамту міндетін қояды.

GCPC серіктес елдердің өкілдерінің консультативтік комитетін басқарады, қазіргі уақытта оның төрағасы – Канаданың климаттың өзгеруі жөніндегі елшісі Кэтрин Стюарт.

Консультативтік комитеттің шешімдері серіктестік ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық мекемелердің әлемдік сарапшыларынан тұратын техникалық жұмыс тобының талдауы мен ұсыныстарына негізделеді. Жұмысты тәуелсіз хатшылық қолдайды, оның құрамына adelphi және ieta, климаттық саясат және коммуникация мамандары кіреді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button