Мәдениет

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді

2024 жылғы 15-16 қазан күндері Астана қаласында Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері өтеді. Мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мерекелік концерт Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді. Онда Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі өнер көрсетеді. Айта кетсек, Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі 1938 жылы құрылған КСРО-ның алғашқы джаз ұжымдарының бірі. Әйгілі музыканттарымен, бай репертуарымен танымал ұжым бүгінде әлемдегі ең үздік оркестрлердің бірі.

Сонымен қатар, Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме ұйымдастырылады. Көрмеде Сергей Параджанов музейінің мұрағатынан 45 фотосурет ұсынылады. Оның 20-сы белгілі кинорежиссердің күнделікті өмірі мен шығармашылық ойларына, ал 25-і көркем туындыларына арналған.

16 қазанда режиссер Эдгар Багдасарянның «Яша и Леонид Брежнев» атты көркем фильмі көрсетіледі.

Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтетін Соса Саркисян атындағы «Амангаин» мемлекеттік театрының «Лю-Беф» спектаклімен қорытындыланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button