Құқық
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны азайды

Елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту үшін бірқатар шаралар қабылданады. Атап айтқанда, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды, онда оларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Нәтижесінде, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел бойынша ұрып-соғу, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 7 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді. Бұрын мұндай құқық бұзушылықтар үшін адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып келген. Осылайша, тұрмыс саласындағы аса ауыр қылмыстар саны 2,2%-ға, оның ішінде кісі өлтіру – 6,5%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайлары 25,5%-ға, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру 12%-ға азайды», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.