Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр

Биыл Еуропалық иммундау апталығы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Бұл апталық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы бастамасымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева хабарлады.
«Барлығына иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өткізілетін Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – иммундауға назар аудару және халықтың иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
«Биыл жастар мен жастар ұйымдары арасында иммундау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ілгерілету үшін студенттер мен жас мамандарды тарту жоспарланған», – деді спикер.