Ел тынысы

Қазақстанда Көшпенділердің Асық спорты Халықаралық федерациясы тіркелді

Көшпенділердің Асық спорты Халықаралық федерациясы Қазақстанда 2024 жылғы 12 наурызда  тіркелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ассоциация түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.   Көшпенділердің Асық спорты Халықаралық федерациясы мүшелігіне Қазақстан, Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (РФ) және Қырғызстанның ұйымдары өтінім тапсырған.

Биыл Венгрия, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы және Испанияның спорт ұйымдарының мүшелік етуі жоспарлануда.   Respublica партиясының кеңсесінде Көшпенділердің Асық спорты Халықаралық федерациясының тұсаукесері өтеді. Ұйым президенті қазіргі жағдай туралы ақпарат береді: асық ойыны спортқа қашан және қалай теңестірілді, «асық атумен» қанша команда мен спортшы айналысады, осы салада спорт шеберлері бар ма, халықаралық федерация бұл ұлттық спортты қалай дамытады деген сұрақтарға жауап береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button