Қоғам
Қазақстанда неонаталдық өлім-жітім 4 есеге азайды

Әр түрлі бағдарламалардың нәтижесінде соңғы 10 жылда елімізде балалар өлімі 40%-ға, нәресте өлімі – 65%-ға, неонаталдық өлім – 50%-ға төмендеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Бұл көрсеткіштерді БҰҰ қорлары бағалады. Қазақстанның орнықты дамудың үшінші мақсатының халықаралық индикаторларына мерзімінен бұрын қол жеткізгені мойындалды. Денсаулық сақтау министрлігі балаларымызға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі жақсартуға ниетті», – деді ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.