Қазақстанда орманды аумақ көлемі артып келеді
Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығының дамуы және еліміздің орманды аумағының артуы туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелерін өрт сөндіру техникасы және жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары (тәуекелдер үшін 100% үстемақы төлеу) қабылданып жатқанын атап өтті.
Мәселен, өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден техника мен жабдықтарды сатып алуға 15,9 млрд. теңге бөлініп, оған 526 бірлік өртке қарсы және патрульдік техника сатып алынған болса, 2024 жылы еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 1384 бірлік өртке қарсы техника мен 921 тіркеме техниканы сатып алуға 52 млрд. теңге бөлінді оның ішінде лизинг есебінен 40 млрд. теңге.