Ел тынысы

Қазақстанда қанша қар барысы бар

Елімізде қар барысының саны 90 жылдармен салыстырғанда 2 есеге артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Тәуелсіздік жылдары республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін ұлғайды. Елімізде био әртүрлілікті сақтап қалу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде, сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы айтарлықтай өсті.

Сонымен қатар қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шара қабылданды. Олардың негізгі тіршілік ету учаскелерінде – 3,6 млн гектар аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды, – деді комитет басшысы.

Оның дерегінше, қазіргі кезде қар барысы мекендейтін жерлердің 70 пайызға жуығы ерекше қорғалатын аумақтармен қорғалған.

– Есепке алу және мониторинг жүргізудің заманауи әдістері, фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады. 11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды. Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде, олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті, – деді Данияр Тұрғамбаев.

Айта кетейік, Жетісу облысының тұрғындары жол бойында қар барысын кездестірген.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button