Ел тынысы

Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

– Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

– Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

– Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;

– Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

– Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;

– Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button