Елорда тынысы

Қазақстанда шағын несие беру ережесіне өзгеріс енгізіледі

Қазақстанда шағын несиелер беру туралы келісімдерді жасасу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қаулы жобасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында жариялады

«Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге жасалған микрокредит беру туралы шарттың жалпы талаптары қамтылады», — делінген құжатта.

Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 17-тармағының 3-тармақшасын іске асыру шеңберінде жасалғаны да жазылған.

Құжат жобасына сәйкес мынадай талаптар қамтылады:

Микрокредит сомасын қайтару және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды;

Микрокредиттің мәнін қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен айыпақы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданыс кезеңі үшін берілген микрокредит сомасының жартысынан аспайды;

Тараптардың келісімі бойынша микрокредит беру туралы шарттың қолданыс мерзімін күніне 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан аспайтын шарт бойынша сыйақыны көздейтін жақсартатын талаптарда күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге екі реттен астам емес ұлғайтуға болады.

Қаулы жобасы 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Сондай-ақ 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қаулы қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Сурет: https://aqmeshit-aptalygy.kz

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button