Елорда тынысы

Қазақстанда тағы бір жаңа комитет құрылды

Үкімет “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы” қаулы қабылдап, соның нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын”, – делінген премьер-министр Олжас Бектенов 11 қыркүйекте қол қойған қаулыда.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді. Өзгерістерден кейін Ішкі істер министрлігінің құрамы былай өзгерді:

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы;

Әкімшілік полиция комитеті;

Көші-қон қызмет комитеті;

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.

“Оның бөлімшелеріне мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісті түрде іске асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны бөлінеді”, – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button