Ел тынысы

Қазақстанда «Tech girls» бағдарламасы іске қосылды

Аталған бағдарлама ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының, «Astana Hub» халықаралық технопаркі мен «Techno Women» коммерциялық емес ұйымының бастамасымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева мәлімдеді.
Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету және қыздарды STEM-ге тартуға ықпал ету.
«Бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, құру, сұхбаттан өту және өздері армандаған жұмысқа тұру туралы білім алады. Онлайн режимде өтетін бағдарлама – тегін. Ол 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button