Ел тынысы

Қазақстандағы ең үздік медициналық ұйымдар белгілі болды

2024 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздегі үздік медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың рейтингісі жасалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

 

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, медициналық ұйымдар мен республикалық ғылыми орталықтардың рейтингін жасады.Жалпы, рейтингтік бағалауға меншік нысанына және бейіндік бағытына қарамастан, тоғыз негізгі санат бойынша бөлінген еліміздің 20 өңірі бөлінісінде 772 медициналық ұйым жатқызылды.Бұл ғылыми-зерттеу институттары/ғылыми орталықтар, ересектерге арналған көпбейінді стационарлар (облыстық / қалалық), балаларға арналған көпбейінді стационарлар (облыстық/қалалық), босандыру ұйымдары (перзентханалар/перинаталдық орталықтар), МСАК көрсететін медициналық ұйымдар, онкологиялық орталықтар/диспансерлер, туберкулезге қарсы диспансерлер/фтизиопульмонология орталықтары, психикалық денсаулық орталықтары және аудандық ауруханалар (орталық/ауданаралық).

Әдістемеге сәйкес рейтингті есептеу кезінде 14 клиникалық индикатор, сондай-ақ аккредиттеу туралы ақпарат және негізделген шағымдардың саны туралы мәліметтер ескерілді.

Республиканың 17 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталығының ішінде:

«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.),

«А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.),

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ (Астана қ.) рейтингіленгендердің арасында көшбасшы болып саналады.

15 онкология орталығының арасында клиникалық индикаторлар мен менеджмент көрсеткіштері бойынша Алматы қаласының ДСБ «Алматы онкология орталығы» ШЖҚ КМК, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (Алматы қ.), ШҚО ДСБ Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК үздік атанды.

Ересектерге арналған 84 көпбейінді стационардың ішінде медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы ДСБ «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы» КМК, «Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК болды.

24 көпбейінді балалар стационарының ішінде Алматы қаласының ДСБ «№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Қызылорда облысының ДСБ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК, ДСБ «Қарағанды қаласының көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК көшбасшы болды.

178 аудандық аурухананың қызметін бағалау қорытындысы бойынша,  АО ДСБ «Абай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Ақтөбе облысы ДСБ ШЖҚ ММ «Әйтеке би АА» МКК, Ақтөбе облысы ДСБ ШЖҚ ММ «Хромтау АА» МКК үздік атанды.

МСАК-тың 385 ұйымының ішінде менеджмент және клиникалық көрсеткіштер бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген еліміздің 5 үздік қалалық емханасы анықталды.

Бұлар Астанадағы ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы», Алматы қаласының ДСБ №17 қалалық емханасы, БҚО әкімдігі ДСБ «№4 қалалық емханасы»,  Sofie Medgroup  көпбейінді клиникасы  ЖШС (Ақтау Қ.), Павлодар қаласы әкімдігінің  № 3 емханасы.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары, ҒЗИ және ҰО қызметін рейтингтік бағалау өңір мен республика деңгейінде медициналық көмек көрсету бейіндері бойынша саралауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзекті әдістемеге сәйкес жүргізілетінін айта кеткен жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button