Қоғам

Қазақстандық екі шпагашы әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшылары Швейцарияның Базель қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыстың ширек финалына дейін Богдан Лукин мен Кирилл Проходов жетті.

Бұл кезеңде Лукин Германиялық Оле Петерсонға есе жіберсе, Проходов ұлыбританиялық Тристан Люминьеден жеңілді.

Нәтижесінде Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Богдан Лукин жарысты сегізінші орынмен аяқтады. Георгий Тинников 12-орынға тұрақтады, Нұржан Әбжанов – 129-шы, ал Алексей Касаткин – 144-ші орын алды.

Осыған дейін спортшыларымыздың биыл қандай байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтыны туралы жаздық.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button