Қазақстандық жастар энергияны таңдайды

Қазақстандық жастар энергетика саласындағы, оның ішінде мұнай-газ, атом және жасыл энергетика саласындағы мамандықтарға үлкен қызығушылық танытуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Негізгі ынталандырулар – инновация, тұрақты табыс және мансаптық өсу.
Астанада Қазақстанның энергетика саласының келешегімен танысу алаңына айналған «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі өтуде. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомство мен саланың жетекші компанияларымен бірлесіп ұйымдастырылған фестивальдің интерактивті алаңдары – «Энергетиктер көшесі» және «Жасыл энергия үйі» нысандарын аралады.
Фестиваль жылу мен электр энергиясынан бастап мұнай, газ және жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) дейінгі барлық негізгі бағыттарды қамтиды. Интерактивті стендтерде компаниялар заманауи әзірлемелерді көрсетіледі және әр саладағы мансаптық мүмкіндіктері туралы айтылады.
«Біздің алдымызда маңызды міндет тұр – уақыт талабына сай келетін тұрақты энергиямен қамтамасыз ету. Ол үшін дәстүрлі тәсілдер, білімін инновациялық ойлаумен ұштастыратын мамандар қажет. Жастардың жұмысқа орналасуға белсене қызығушылық танытқаны көңіл қуантады. Олар біздің саланың болашағын айқындайтын басты күшіміз және ресурсымыз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Атом өнеркәсібіндегі төрт жетекші компанияның: «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАЭС» ЖШС, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Ядролық физика институтының жетістіктерімен таныстырылған «Атом әлемі» павильоны ең танымалдардың бірі болды. Мұнда фестиваль қонақтары уран өндіруден бастап атом электр станциясының макетіне дейінгі барлық технологиялық тізбекті тамашалай алды. Күн сайын павильонға атом электр станцияларының қауіпсіздігі мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытқан 1000-ға жуық жастар келеді.
Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанның ондаған жоғары оқу орындары мен колледждерінде сутегі энергетикасы, атом өнеркәсібі нысандарын пайдалану және «жасыл» технологияларды дамыту сияқты жаңа бағыттарды қамтитын білім беру бағдарламалары енгізілуде. Бұл жас қазақстандықтардың кәсіби өсуіне кең перспективалар ашады. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес толыққанды ядролық кластерді құру болашақта мыңдаған жаңа жоғары технологиялық жұмыс орындарына кепілдік береді.