Ел тынысы

Қазақстандықтар әуе билетінің ақшасын толық қайтара алуы мүмкін

Еліміздің бірқатар өңіріндегі қолайсыз ауа райына және су тасқыны жағдайына байланысты Air Astana бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейстер үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады», – делінген хабарламада.

Әуекомпания мәліметінше, жолаушылар ыңғайлығы үшін айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.

Еске салайық, Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2500-ден аса орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button