Ел тынысы

Қазақстандықтар былтыр ойын-сауыққа 57 млрд теңге жұмсаған

Бұл туралы Ticketon билеттерін онлайн сату қызметінің бас директоры Виктория Торгунакова мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Виктория Торгунакова Ticketon мәліметтері бойынша 3,5 миллионға жуық қазақстандық жылына кемінде бір рет ойын-сауық шараларына баратынын, ал 2,3 миллионға жуығы мұны тұрақты түрде жасайтынын атап өтті.

-Жалпы, Ticketon платформасы арқылы шамамен 1,6 млн отандасымыз  билет сатып алады. Белсенді қазақстандықтар орта есеппен айына кез келген сипаттағы ойын-сауық шараларына 16 000 теңге жұмсайды. Қазақстандықтардың ойын-сауыққа, мәдениет пен өнерге жұмсаған жалпы шығындары 2023 жылы 56,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,6 млрд теңгеге артық. 2024 жылға арналған болжам – 69,2 млрд теңге, – дейді В. Торгунакова.

Өткен жылдың ең танымал фильмі «Таптым-ау сені» болған, осы фильм арқылы көрермендерден 1,54 млрд теңге түскен.  2023 жылғы көрермендер саны бойынша фильмдер рейтингінде екінші орынды «Аватар: Су жолы» алады, одан түскен пайда 1,17 млрд теңге (фильмнің прокатқа шығуы 2022 жылдың желтоқсанында басталған) болса, үшінші орында «Форсаж 10» фильмінен 1,10 млрд теңге түсті.  Жалпы, қазақ киносы шетелдік фильмге қарағанда көп ақша жинады.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларын қоса алғанда, көпшілік тұрғындар өткен жылы кинотеатрда  қазақша «Таптым-ау сені» комедиясын көруді таңдаған. Петропавл, Ақтөбе және Қостанай қалаларында «Чебурашка» фильмі кинотеатрлардан жиі қаралған.  Ал павлодарлықтар «Міржақып. Оян, қазақ!» фильміне көп барған.

Нарыққа геосаяси жағдай да белгілі бір деңгейде ықпал еткен.  Былтыр өтуі тиіс 1743 жалпы оқиғаның 12,7% (222) өтпей қалды. Оның ішінде тоқтатылған қазақстандық іс-шаралар – 6,63%, ресейлік іс-шаралар – 31,75%, ал басқа да өткізілмеген мәдени іс-шаралар – 3,33% құрайды.

Өткен жылғы іс-шаралар бойынша билеттердің толық сатылымы былай болды: алғашқы үш орынды Еуро-2024 іріктеу футбол матчтары иеленді: олар – Қазақстан – Сан-Марино (барлық сатылған билеттерден   27 434), Қазақстан – Финляндия (26 392), Қазақстан – Солтүстік Ирландия (25 678). Сондай-ақ толық сатылған билеттер бойынша алғашқы бестікке соңғы жылдары өте танымал болған гик-мәдениет фестивалі кірді, ол – Comic Con Astana (19 340), Kostanay Music Fest (15 806).

Фото: Ticketon.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button