Ел тынысы

Қазақстандықтар Қытай университеттерінде тегін оқи алады

Қытайдың жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

“Болашақ” халықаралық бағдарламалар орталығының айтуынша, Қазақстан студенттері үшін 44 грант бөлінген.

Қазақстан мен Қытай арасындағы 2003 жылғы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік стипендия бойынша оқуға 35 грант және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 9 білім грантын келесі бағдарламалар бойынша ұсынады:

бакалавриат;

магистратура;

докторантура.

Грантқа түскен студенттер мына мүмкіндіктерге ие болады:

бакалавриат бағдарламасы бойынша ай сайынғы стипендия – 2,500 CNY (шамамен 181 мың теңге) , магистратурада – 3,000 CNY (шамамен 217 мың теңге), докторантурада – 3,500 CNY (шамамен 253 мың теңге);

медициналық сақтандырылады,

жатақханада тұрады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс.

Құжат 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 7 ақпанды қоса алғанда “Электрондық үкімет” (Egov.kz) порталы арқылы немесе “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ-ға қолма қол қабылданады. Құжатты онлайн тапсыру бойынша нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы өтіп таныса алады, – дейді ведомство.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button