Қазақстандықтардың құқығы шетелде қалай қорғалады

Қазақстан Республикасының соты ел ішінде ғана емес, шетелде де азаматтардың құқығын қорғау үшін халықаралық құқықтық көмек көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елорда сотының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматтарына шетелде құқықтық көмек көрсетілетін негізгі бағыттар:
– Сот құжаттарын тапсыру;
– Айғақтарды алу, сараптама жүргізу және басқа да процестер;
– Шетел соттарының шешімдерін тану және орындау;
– Шетелден алимент өндіру.
Шетелде сот процесі қалай жүзеге асырылады?
Барлық әрекет Гаага, Минск және Кишинев конвенциялары сияқты халықаралық келісімдерге немесе өзара әрекеттестік қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. Сот тапсырмалары халықаралық стандарттарға сай дайындалып, олардың орындалуына кепілдік беріледі.
– Қазақстан соты азаматтардың құқығын әлемнің кез келген нүктесінде қорғау үшін халықаралық серіктестікті кеңейтіп, процестерді жетілдіруді жалғастыруда, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы отандық сот жүйесін реформалауға қатысты заңға қол қойды.