Елорда тынысы

Қазақстандықтарға Украина аумағынан кету ұсынылды

Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.

«Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Сонымен қатар елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады», — делінген хабарламада.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.

 

Сурет: depositphotos.com / Viacheslav_Petrusha

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button