Ел тынысы

Қазақстанның балмұздақ экспорты рекорд орнатты

Қазақстан 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығындашетелге 9,8 мың тонна балмұздақ экпорттаған. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға көп, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюро, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Онда келтірілген мәліметтерге қарағанда, қазіргі көрсеткіші – 2002 жылдан бергі қолжетімді статистикадағы ең жоғары мән.

Экспорттың негізгі көлемі үш сатып алушыға тиесілі болды. Олардың ішінде Ресейдің үлесі – 69%, Қырғызстан мен Өзбекстан (20% и 9%). Үшеуі де қазақстандық балмұздақтысатып алуды көбейткен, бірақ көбірек өсім РФ-да байқалады – екі есеге жуық.

Экспорт өндірістің аздап төмендегеніне қарамастан өсіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында жалпы көлемі – 49,4 мың тонна, бұл бір жыл бұрын дәл осы айлардағы көрсеткішке қарағанда 3%-ға төмен. Сонымен қатар импорт көлемі де осындай қарқынмен шамалас мәнде төмендеген – 12,5 т дейін.

Нәтижесінде, ішкі нарықта аталған 11 айда бір жыл бұрынғыға қарағанда қалған балмұздақ көлемі 10%-ға аз.

Осыған дейін Абай облысының кәсіпкері қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратынын жазғанбыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button