Жаңалықтар

Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіптің «сары» деңгейі жарияланды

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Республикалық терроризмге қарсы күрес оперативтік штабының жетекшісі – ҚР ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 та­мыздағы № 611 Қаулысымен бекітілген халыққа террорлық актілердің қауіпін ескерту және ақпараттандыру ере­жесінің 4 тармағына сәйкес, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қос­танай, Маңғыстау, Пав­лодар облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында 40 тәулікке дейін тер­рорлық қауіптің бірқалыпты «сары» деңгейін жариялады.
Осыған байланысты халықты жүргізіліп жатқан мемлекеттік органдардың жұмысына түсіністікпен қарауға ша­қырады. Иесіз қалған заттарға (сөмке, қораптар, орамалар, қаптар, чемодандар және т.б..) назар аударуға, әсіресе, сым жалғанған техникалық құрылғыларға көңіл бөліп, көлікте, қоғамдық орындарда күдікті адамдарға назар аударуға шақырады. Күдікті заттарға жақындамай, бейтаныс адамдардан сәлем-сауқат алып, оны сақтауға алмауға кеңес береді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-қимылдарына, құжат тексерулеріне түсіністікпен қарап, мейілінше көмек көрсетуге шақырады.
Әбігерлікке жол бермей тек ресми мемлекеттік органдардың мәліметтерін басшылыққа алу керек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button