Ел тынысы

Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны қаупі бар

Алдағы күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазгидрометтің мәліметінше, 25-27 наурыз аралығында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қардың қарқынды еруі жалғасады. Нәтижесінде, еріген қар суының ағуы күшейіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, өзендердің мұздан ашылуы кезінде мұз кептелістері пайда болып, су тасу қаупін тудыруы ықтимал.

25-26 наурызда Түркістан облысының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл жағдай жер беті ағынын күшейтіп, өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне алып келуі мүмкін. Егер су деңгейі қауіпті шектен асса, елді мекендер, шаруашылық нысандары мен жергілікті жолдар су астында қалуы мүмкін.

Сондай-ақ, 25-27 наурыз аралығында Жетісу облысының тау бөктеріндегі аудандарында да қатты жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін. Мұнда да елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарына су басу қаупі төніп тұр.

Барлық аталған өңірлерде дауылды ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға сақтық шараларын ұстанып, қауіпсіздікке назар аударуды ескертеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button