Қоғам

Қазақстанның цифрлық ғылыми порталы іске қосылды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі аstanahub.com» ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстанның цифрлық ғылыми порталы (ЦҒП) іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

ЦҒП басым бағыттар бойынша ғылымды дамытуға, ғылыми қоғамдастықты кеңінен қамтуға, ғалымдардың, инноваторлардың, мемлекеттік органдардың, бизнестің, жер қойнауын пайдаланушылардың және халықаралық серіктестердің өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Портал экономика мен қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін ғылым мен инновациядағы саласындағы күш-жігерді үйлестіруге ықпал етеді.

Порталдың «Ғылыми жарияланымдар» санатында ғылыми зерттеулер жариялауға, ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға, деректер базасы мен сараптамалық ақпаратқа қол жеткізуге болады. «Іс-шаралар» модулінен ғылыми конференциялар, семинарлар мен форумдар туралы білуге болса, «E-labs лабораториялар базасы» модулі зертханалар, жабдықтар және ғылыми ұйымдар туралы ақпарат ұсынады.

Ғылыми ұйым өкілдерін astanahub.com платформасына тіркеліп, онда өз зертханалары туралы ақпарат енгізуге шақырамыз. Бұл ғылыми ресурстарды тиімді көрсетуге, жаңа серіктестер тартуға және кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге септігін тигізеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button