Ел тынысы

Қазақстанның дизельді-электр локомотивтері Моңғолияға жеткізіле бастады

Өткен жылы отандық теміржол өнімдерінің экспорты кеңейіп,  Қазақстанда өндірілген дизельді-электр локомотивтерінің алғашқы 4 данасы Моңғолияға жеткізілді. Аталмыш локомотивтердің әрқайсысының құны 4 миллион доллардан асады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі күні отандық локомотивтерге Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінен тапсырыстар келіп түсуде.

Дизельді электр локомотивінде қозғалтқыш тұрақты ток генераторын немесе айнымалы ток түзеткіш электр генераторын іске қосады.

Қазақстанда дизельді-электр локомотивтерін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорындары шығарады. Әр кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 бірлік техниканы құрайды.

Айта кетерлігі, елордада орналасқан «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорны теміржол нарығын 2010 жылдан бастап игере бастады. Зауыт толық циклді локомотивтер шығарады және Орталық Азияның нарығында жетекші рөл атқарады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button