Ел тынысы

Қазақстанның Ирандағы Елшісі жылдың үздік дипломаты ретінде марапатталды

Тегеран қаласында «Наурыз дипломатиясы» атты бесінші халықаралық отырыс өтті. Оған Иран Ислам Республикасы (ИИР) сыртқы істер, мәдениет және исламдық бағдар министрліктерінің жоғары лауазымды қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен Тегеранда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырыста Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев баяндама жасап, Иран халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, осы мейрам Иран секілді Қазақстанда да кеңінен тойланатынын мәлімдеді.

Қазақ дипломаты Қазақстанда Наурызды атап өту – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі аясында өткізілетінін атап өтіп, осы онкүндіктің әр тақырыптық бағыттарына жеке-жеке тоқталды.

Сонымен қатар Елші мемлекеттер мен ұлттар арасындағы байланысты нығайтуда Наурыз дипломатиясының ерекше рөліне назар аударып, алдағы уақытта Наурыз дипломатиясының әлеуетін толық қолдануды маңыздылығын жеткізді.

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Елшісінің баяндамасын өте жылы қарсы алып, елдердің тарихи және мәдени ортақтықтарының айқын бір дәлелі ретінде Наурыз құндылықтарын одан әрі ілгерілетуді қолдады.

Отырыс барысында баяндама жасаған ИИР сыртқы істер, мәдениет және исламдық бағдар министрліктерінің жоғары лауазымды қайраткерлері Наурыздың шығу тарихына және Наурыз мерекесінің бүгінгі кезеңде қалай аталып өтілетініне кеңінен тоқталды.

Назар аударатын жайт, отырыс соңында Қазақстанның Ирандағы Елшісі «Наурыз дипломатиясы» номинациясы бойынша Иранда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар арасынан жыл үздігі ретінде марапатталып, оған «Наурыз дипломатиясының үздігі» атты арнайы белгі табыс етілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button