Ел тынысы

Қазақтың аспаздық мәдениеті ЮНЕСКО кешінде насихатталды

ЮНЕСКО Дипломатиялық қауымдастығының жыл сайынғы кеші аясында Қазақстанның Тұрақты өкілдігі мүше мемлекеттердің Елшілеріне және адамзаттың мәдени әртүрлілігін дәріптеуге мамандандырылған осы әйгілі үкіметаралық ұйымның қызметкерлеріне халқымыздың аспаздық дәстүрі мен өнерін таныстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұлттық дастарханда халқымыздың жанды мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын ыстық тағамдар мен дәмтатымдар қойылды. Танымал этнограф және ресторатор Әйгерім Мұсағажинова ұлттық стенд қонақтарына аспаздық дәстүрлеріміздің ерекшеліктері мен тағамдардың алуан түрлілігіне қатысты түсініктемелер берді. Қабылдауға қатысушылардың назарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сәнді басылымда жарық көрген «Қазақтың бірегей тағамдары» кітабы тартты.

ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне Қазақстанның қатысуымен 13 номинация енгізілгені белгілі. Олардың арасында «Наурыз», «Қазақ жылқышыларының көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері (бие байлау, айғыр қосу, қымызмұрындық)» және «Жұқа нанды жасау және бөлісу мәдениеті (қатырма, лаваш, жупка, юфка)» ұлтымызың ас әзірлеу дәстүрлеріне тікелей қатысы бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button