Елорда тынысы

Қазақтың қатимолласын қабылдады

Белгілі әнші, жыршы, кезінде айтыскерлігімен де танылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев елордада «Айман-Шолпан» лиро-эпостық дастанын екі күн бойы жырлады. Өрелі өнерпазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қабылдап, құрмет көрсетті.

[smartslider3 slider=2926]

Биыл жыршы мерейлі жетпіс жастың жотасына шықты. Қала басшысы мерейтойымен құттықтап, сый-сыяпат жасады. Риясыз әңгіме барысында руханият жайында ой бөлісті.

Осы жылы ұлтымыздың рухани құндылығына айналған «Айман-Шолпан» лиро-эпостық дастанының дүниеге келгеніне 210 жыл толып отыр. Қатимолла Бердіғалиев соның құрметіне бірінші күні Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, ал екінші күні Музыкалық жас көрермен театры сахналарында дастанды бір жарым сағат бойы тоқтамастан жырлады. Көрермендердің қолқалауымен ән-термелер де орындап берді.

Өнерге жарты ғасыр ғұмырын арнаған өнерпазға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау хатын оның орынбасары Нұрғиса Дәуешов тапсырды. Халықтың ақ батасын алған жыршының иығына өзінен кейінгі буын өнерпаздары шапан жауып, құрмет көрсетті. Қатимолла Бердіғалиев өз тарапынан екі күн бойы Музыкалық жас көрермен театрының әртістеріне шеберлік сабағын өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button