ЖаңалықтарМәдениет

Қазақтың ұлттық киімі қызықтырады

Соңғы кездері аса талғампаз әлемдік деңгейдегі сән майталмандарының көзіне жиі түсіп жүрген ұлттық мәдениетеміз тағы бір асуды бағындырды. Қазақтың төл нақышымен көмкерілген ұлттық киімдеріміз әлемдік рейтингте көш бастап, үздік бестікке еніп отыр.

56544a9373236СЖ_19_

Boredpanda.com порталы әлем халықтарының үйлену киімдерін салыстырып, рейтинг жасап шығарды. Сол рейтинг барысында қазақтың шапаны мен сәукелесі ең тартымды ұлттық киім киетін елдер саналатын Жапония, Моңғолия, Шотландия, Тран­сильвания, Қытай және Филиппин мемлекеттерінің үйлену киімдерін артқа тастап, үздік бестікте орналасып отыр.
Төртінші орынға Гана халқының ұлттық киімі лайық деп танылса, үшінші орында – украиналық Карпат иеленген, екінші орында – Нигерия халқының ұлттық костюмы тұр. Үндістанның ұлттық киімі бірінші орынға сай деп танылған.
Осылайша, қазақтың үйлену тойына арналған ұлттық киімі халықаралық деңгейдегі талғампаз мамандардың назарын аударып, көпшілікті қызықтырғаны мәлім болып отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button