Сұхбат

Қазір маған тыныштық емес, ізденіс қажет

 

– Сіз ұзақ уақыт бойы сахнадан көрінбей жүрдіңіз. Тыңдармандарыңыз сағынды. Іздеді. Ал сіз сахнасыз қалай шыдадыңыз?

– Иә, оның өз себептері бар. Сәби сүйіп, ана атанғым келді. Аналық міндетімді үздік деген бағаға орындап жүрмін, шүкір! Әрине, саxнаны да сағындым! Содан да шығар, үйде күнде әндетіп жүрдім. Бала тербетіп отырып ән айтамын, тамақ даярлап жүріп ән саламын. Тіпті балаға ертегі оқып, ұрысқанда да соңында әндетіп, қалжыңға айналдырып жіберемін. Сырттан қараған адам бір мюзикл көргендей болады. Бала тәрбиесінен алатын ләззатым көп болғандықтан болар, аса қатты зарықпадым. Оның үстіне, балаға жеткен де бар, жетпеген де бар. Тек өз балаларымды емес, шәкірт те тәрбиелеп жүрмін. Шәкірттерім ән байқауларында өнер көрсетіп, жеңіске жетіп, мені қуантып жүр. Болашақта сахна төрінен олардың да өнерін тамашалайсыздар деп сенемін.

– Біршама уақытқа созылған үзілістен кейін не байқадыңыз: өнер ортасында қандай өзгерістер пайда болған?

– Үзілістен соң біраз нәрсе өзгергенін байқадым. Кезінде өзіммен дос болып жүрген кейбір әріптестерім бөтен болып кеткендей көрінді.

– Ал талғам, тыңдарман мен өнер жұлдыздары арасындағы байланыс, эстраданың беталысы жат көрініп, жатырқаған жоқсыз ба?

Талғам деген нәрсе, әрине әртүрлі болады ғой. Бірақ бұрын біз тыңдарманның не ойлайтынын білмейтін едік және өнер жұлдыздарына тыңдарманның қолы жете бермейтін. Қазір бәрі ой-пікірін әлеуметтік желілерге жазатын болды. Ол бір жағынан жақсы да. Неге десеңіз, өзіңді сол көрерменнің сынына қарап түзейсің. Осындай жағдайларды көргенде басында саxнаны сәл жатырқағаным да рас.

– «Балаларым дауысы жақсы болса да әнші болғанын қаламаймын» депсіз. Неге?

– Айтқаным рас. Себебі кезінде «өнер жолы ауыр жол» деп үлкендер тек айтатын да қоятын. Неге ауыр, несімен ауыр дегенде ешкім жауап бере алмайтын. Бәлкім, менің өнерге деген қызығушылығым ордан әрі артқаны содан да шығар. Егер дәл мен сияқты балаларына өнер жолындағы ақ пен қараны таныстырса, мүмкін мен де ойланар едім..

– Сонда өзіңіз әнші болғаныңызға өкінесіз бе?

– Жоқ, әрине. Өкінбеймін. Бірақ маған салса, балаларымның әнші болғанын қаламаймын. Өнерді тек хоббиі ретінде алып жүрсе екен деймін.

– Өнер адамдары арасындағы дауысы ерекше тұлға болғандықтан, сіздің қазақ ән өнеріне қосқаныңыз шоқтығы биік туындылар, әлі береріңіз көп екеніне біз сенеміз. Ал өнер сізге не берді?

– Рақмет! Мен өмірді осы өнер жолы арқылы танып, бүкіл өмірім өнермен байланысты болғандықтан, бақытымды да, сынақтарды да осы жолдан көріп отырмын. Өнер жолы маған көп қиындықтармен келген тәжірибе берді. Чтобы сыграть в слот пин ап авиатор просто зайдите на сайт казино и перейдите в раздел "Слоты". Выберите Aviator в качестве игры, в которую вы хотите сыграть, и следуйте инструкциям на экране, чтобы начать игру. Перед началом игры обязательно ознакомьтесь с инструкциями по игре и выплатам.

– Қазір әншілер былай тұрсын, ақындар, актрисалар, тіпті менің кейбір әріптестерім де дауысы болмаса да студияда аппараттың күшімен әрлеп дауыс жаздырып, әншінің образын жасап той-жиында өнер көрсетуді кәсіпке айналдырған. Табысы да жаман емес секілді… Ал сіз осы табиғи өнеріңіз арқылы тұрмыс қажетін өтей алып жүрсіз бе?

– Мен әнші болуды бала кезден армандадым. Бірақ осы сала бойынша қанша жыл оқып, елдің атынан үлкен додаларға түсіп, жол апатына ұшырап, ми шайқалып жатса да намысқа тырысып, жүлдеге жетіп, гастрольдік сапарда миыңа суық тиіп, аяқ-қолың істемей қалып, гормон дәрілермен ғана жаның аман қалып, одан артық салмақ қосып алып, оны тастаймын деп тағы әлекке түсіп – осылай бір сүрініп, бір тұрып, жанталасып жүргеніңде жұрттың «пысық» балалары көшеден кездейсоқ келіп жеңіл-желпі әндермен оп-оңай жұлдыз болып жатқанда бәрібір ойланып қалады екенсің… Міндетсінгендей болмайын, бірақ шындығы осы.

– Сіздің ойыңызша, өнер адамдары бұқара халықтың талғамына, бұқаралық мәдениетке икемделуге тиіс пе, әлде ел мәдниетін көтеруге күш салуға міндетті ме?

– Негізі «өнер адамы» деп сенім артқаннан кейін біз xалықтың алдында биік дәрежеде өнер көрсетіп, шынайы ата-бабамыздан қалған өнерді насиxаттап, әдемі талғамды ұстанып жүруіміз керек! Өкінішке қарай, ақшаның буымен кездейсоқ келген өнерпаздар араға кіріп кеткендіктен, біз де қазір заманға сай әндерге икемделуге мәжбүр болып жүрміз.

– Көп әншілер әні тез таралып, тез жатталуы үшін мүмкіндігінше сөзін жеңіл етіп жаздыруға тырысады. Табысты болу үшін той әндерін көбірек жазады… Соңғы клипіңіздің жарнамасына қарағанда сіз де бағытыңызды өзгерткендей көріндіңіз?

– Жалпы мен әннің сөздеріне үлкен мән беремін және ән таңдағанда да өте кірпиязбын.  Шынымды айтсам, «Кел билейік» әнін студияда жазу мен үшін қиын болды. Себебі тым жеңіл сияқты сезілді. Бірақ, «қашанғы мен жұрт қосылып орындай алмайтын, көбі түсінбейтін, мағынасы терең, қиын, күрделі әндер орындай беремін» деген ойға келдім. Оның үстіне, «сөзде жан бар» деген рас сияқты. Орындайтын әніңің сөзі әншінің тағдырына әсер етіп жатады. Сол себепті, бір көңілді әнді репертуарыма қостым.

– Сонда сіз енді «Алғашқы көктем» секілді мұңлы әндер орындаудан бас тартасыз ба?

– Кең тыныста орындалатын, әйелдің бақытты сәттерін сипаттайтын сөзге жазылған әндерді әлбетті орындаймын.

– Сіздің дауысыңыздай дауыс өте сирек. Соған лайық ән табу қиын емес пе?

– Дауысыма берген бағаңызға рахмет! Жалпы мен өзіме ән таңдағанда қателеспесем екен деп тұрамын. Табиғи болмысыма, дауысымның тембріне сай келетін әндерді ғана орындағым келеді. Сол үшін үнемі ізденіс үстінде жүремін. Бірақ, жаңа да айттым ғой, кейде бағытыңды саналы түрде өзгертуге мәжбүр боласың. Тұрмыс қамы, тағдыр мәселесі бар… Ал екінші жағына келсек, дәл ойыңдағыдай ән табу, расында оңай емес. Әркім өз талғамын биік көретін шығар. Бірақ, маған қазіргі кезде  «тыңдап көріңізші» деп жіберген әндерді естісеңіз, жылағыңыз келеді…

– Гауһар Қаспақова десек көбі «Жамғыр», «Қысмет», «Құс жолы», «Алғашқы көктем» секілді әндерді айтады. «Сүйеді  екем», «Мен сені ойлайтынмын», «Айыптысыз» секілді әндеріңіз де құлағымызда қалып қойған… Сізден кейін бұл әндерді орындауға ешкімнің батылы жетпейтін секілді… Бірақ орындайтын әндеріңіздің бәрін біз жатқа білетінімізге қарағанда репертуарыңыз тым жұтаң сияқты…

– Негізі мен кез келген нәрседе санға емес, сапаға қараймын. Кезінде қай әнді орындасам да хит болатын. Сол себептен де сіз орындайтын әндерімді жатқа айтып отырсыз.

– Астанаға келіп тұрасыз ба?

– Ұсыныс түскенде келіп тұрамын.

– Ресейдің, жалпы шетел өнер жұлдыздары шақырылған концерттерден сіздер неге көрінбейсіздер? Әлде көп қаламақы сұрайсыздар ма?

– Иә, көп қаламақы сұраймыз. (Күледі.) Ондай концерттерге шоу жасайтын әншілерді шақырады. Біз наз айтып жатсақ, «бұл концерттің форматы бөлек» деп шығады.

– Өткен жылы бір сұхбатыңызда «алдағы жылы жаңа альбомымды ұсынамын» депсіз… Сүйінші хабар қашан болады?

– Жаңа әндер жиналып жатыр. Бұйыртса, сүйіншілейтін күн алыс емес шығар.

– Опера әншісі Нұржамал Үсенбаева «тыныштықты тыңдап дем аламын» деп еді… Ал сіз қалай демаласыз? Хоббиіңіз не?

Жалпы, мен өте сезімтал өнер адамы ретінде табиғатта демалғанды ұнатамын. Көлдің жағасында, таудың бөктерінде, орманды ағаштардың арасында серуендегенде дем аламын. Балаларымның иісінен нәр аламын. Әзірге тыныштықты жақсы көрмеймін. Маған дәл қазір тыныштық емес, көбірек ізденіс қажет болып тұр.

Әңгімелескен, Нәзира БАЙЫРБЕК

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button