ДенсаулықЖаңалықтар

QazVac-қа қызығушылық көп

Бүгінде отандық QazVac вакцинасы Қазақстан аумағында қолданылады. Гуманитарлық көмек ретінде Қырғыз Республикасына вакцинаның 25 мың дозасы жіберілді. Сыртқы істер министрлігі желісі бойынша Индонезия, Иордания, Иран және басқа да елдерден өтініштер келіп түсуде.

[smartslider3 slider=146]

Қазақстандық вакцина өлтірілген вирусты қолдану арқылы жасалды, ал ресейлік, америкалық және еуропалық вакциналарда векторлар немесе жекелеген ақуыздар қолданылады. Өлтірілген, яғни белсенді емес вирусты қолдану вакцинада антигендердің толық жиынтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, оларға ағза антиденелердің жоғары титрімен және тиісті қорғанысымен айқын жауап береді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button