Елорда тынысы

ҚХА Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналды

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Айзада Құрманова өзінің құттықтау сөзінде аналардың патриотизмді, ұлттық рухты қалыптастырудағы және отбасылық құндылықтарды сақтаудағы рөлінің маңызын атап өтті. Аналар кеңесі 10 жыл ішінде көптеген бастамаларды жүзеге асырып, этносаралық келісімді дамытуға және отбасылық дәстүрлерді нығайтуға елеулі үлес қосқанын да сөз етті.

Сондай-ақ, вице-министр республика бойынша 1700-ден астам Аналар кеңесі гендерлік теңдікті сақтау, әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы институтын дамыту, әрі нашақорлық пен зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік мәселелермен күресу сияқты мемлекеттік басымдықтар шеңберінде өз қызметін белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Аналар кеңесінің белсенді мүшелері азаматтық қоғамды дамытуға және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button