Мәдениет

Қиялдан қиянға самғаған

Ұлттық академиялық кітапханада Астанадағы «Жастар» театрының негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шыңғыс ­Айт­матов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың шығармашылығы жайында «Қиялдан қиянға самғаған бір пендең…» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Кітаптың авторы – театртанушы, журналист, ақпарат саласының үздігі, өнертану ғылымдарының магистрі Назерке Жұмабай.

«Жастар» театры – сан қырымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықты түрде белгілеген жасампаз өнер ордасының бірі. Өзінің небәрі 15 жылдық тарихында халықаралық, ­республикалық деңгейдегі байқаулардан 14 бірдей гран-при жүлдесін қанжығасына байлап, өнер кеңістігінде дара жолымен танылып келеді.

Кітапта Нұрқанат Жақып­байдың шығармашылық жолы мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегі зерделенген. Онда оның адами болмысы, тұлға табиғаты қамтылған. Әсіресе, өнер иесінің тыңнан түрен салып Арқа төрінен «Жастар» театрын ашуы және оны небәрі 15 жыл ішінде соны сүрлеуге түсіріп, ұлттық театр өнеріне жаңашыл леп әкелген қайраткерлік еңбегі де кеңінен баяндалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button