Қала мен Сала

Қиындыққа қарсы тұрған

Тренингтердің бірінде кәсіпкер Шынар Қалиева коуч Арман Ақбердиевтен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша грант алуға конкурс жариялағанын естіді. Тәуекел етіп, құжаттарын тапсырды. Жолы болып, 5 миллион теңгелік грантты ұтып алды. Бұл қаржыға қажет қондырғыларды сатып алып, наубайхана ашты.

[smartslider3 slider=3675]

– Мен үш баланың анасымын. Үлкен екі қызым бойжетті. 2015 жылы ерекше ұл баланы тудым. Мұндай сәби туады деп еш отбасы ойламайды. Ұлым туғанда жыладым, өмірге өкпе мен реніш, қорқыныш пайда болды. Тағдырдың алдында дәрменсіздік сезініп, күйзеліске түстім. Сол кезде маған «Мама Про» қоғамдық қоры көмектес­ті. Бұл қор ерекше балаларды тәрбиелеп жатқан аналарды қорғау үшін құрылған. Сол кезде жігері мықты, табысты әйелдердің ортасына түстім. Олар кәсіпкерлік істің негіздері бойынша курс өткізетін. Бізге өз ісіңді ашу үшін қандай алғашқы қадамдарды жасау керек, бизнес-жоспарды қалай жасаған дұрыс, бухгалтерия негіздері мен шешендік өнерді үйретті. Бірақ ең бастысы – психологтармен жұмыс. Себебі баланы өмірге бейімдеу ананы бейімдеуден басталады. Барлық тренинг пен шеберлік сабағы тегін өтті, – дейді кәсіпкер.

Арман Ақбердиев оған өз ісіңді бастау үшін әлеуметтік әлжуаз топтарға қандай жеңілдіктер берілетінін түсіндірді. Шынар есептеулерді жүргізіп, наубайханаға қандай қондыр­ғылар керектігін зерттеді. Бизнес-жоспарды жазуға оған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының менеджері көмектесті.

Мемлекеттік грантты ұтып алғандардың арасында өз аты-жөнін көрген кезде қуаныштан жылап жіберді. Осылайша «Солнечная» аталатын наубайханаға арналған алғашқы қымбат та сапалы қондырғыларды сатып алды. Одан кейін «Бидай Фуд» атты шағын наубайхананы ашты.

– Мемлекеттік грантты екі рет, 2020 және 2021 жылдары ұтып алдым. Екеуі де 5 мил­лион теңгелік. Қазір астаналық «Арбатта» павильоным бар. Орынды жеңілдікпен «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасымен алдым. Бұл павильонда дайын өнімдерді – хот-дог, бургер, ­сэндвич және өзіміз пісіретін өзге де көптеген нан өнімдерін сатамыз. 2020 жылы ісімізді бастағанда өзіміз жұмыс істеп, сырттан бір ғана адамды жұмысқа тарттық. Одан кейін жаңа мамандарды шақырдық. Қорытындысында алғашқы жылы 4 жұмыс орнын құрдық. Келесі 2021 жылы өз павильоны­мызда өнімдерімізді өткізе бастадық. Хот-догтарға арналған бәліштерді өзіміз пісірдік. Өз өнімімізді пайдалану арқылы тұтынушыларға бағаны арзандаттық. Келесі жылы ұтып алған 5 миллион теңгеге қатырғыш және мұздатқыш қондырғыларды, нан жаятын жабдықтарды, басқа да керек құралдарды сатып алдық. Соның арқасында өнімді шығару көлемін ұлғайттық. Қазір наубайханада 4 адам және павильондағы 2 сатушы, барлығы 6 адам жұмыс істейді. Мәзіріміз де кеңейіп, дүкендер арасында әріптестеріміз көбейді. Әлеуметтік желі арқылы да сауда жасауға мүмкіндік алдық, – дейді Шынар Қалиева.

Грант иегері қазір тамақтану өндірісі бойынша білімін арттырып жатыр. Жақында екі айлық курсты оқып бітірді. Бұған қоса, қаржылық талдау және модельдеуді үйренуде.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button