Сайлау - 2021

Қоғам пікірі ескеріледі

Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабы өкілдері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында болды.

Алматы облысының «Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен кездесуде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары талқыланды. Nur Otan алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды, 31 мың орынды құрайтын 80 жаңа мектеп салу арқылы үшауысымды оқу мәселесін шешуді, 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді, 72 денсаулық сақтау нысанын, сондай-ақ 120 мыңнан астам пәтер салуды жоспарлап отырғанын айтты.
«Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан ­Назарбаев «Азаматтармен әрдайым тығыз байланыста болу – біздің партиямызға көрсетілетін таусылмас халықтық қолдаудың қайнар көзі» деп атап өтті. Жалпы, үгіт кезеңі басталғаннан бері біздің қоғамдық қабылдауларға 56 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде 20 мыңдайы – сайлаушылардың ұсынысы мен аманаты. Үміткерлер мен сенім білдірілген тұлғалар 7,3 мың қабылдау өткізді. Халық тарапынан түскен барлық өтініш пен аманат ерекше партиялық бақылауға алынады» деді партияның республикалық сайлауалды штаб жетекшісі.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету – 22%, ТКШ – 17%, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу – 12%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары – 8%, денсаулық сақтау – 6%, білім беру 5% және т.б. мәселелер толғандырады.
Штабтың Шығыс Қазақстан облысында болған сапарында көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті, отбасын жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар тұрғысында түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бойынша жүйелі шараларды қолға аламыз. Елдегі әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық шиеленістерді шешу және балалы әйелдерге уақытша тұрғынжай ұсыну орталықтары құрылады. Бұл ретте «Отбасылық-тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, отбасылық соттар құрылатын болады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға атаулы көмек көрсету үшін «111 шұғыл қызмет» жұмысы қамтамасыз етіледі» деді партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button