Елорда тынысы

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада құқықтық тәртіпті және оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тексерді.

«Қуат» ДСҚ, патрульдік полиция полкі, автокөлік шаруашылығы, арнайы мекемелер, сондай-ақ арнайы ХҚКО сияқты бірқатар полиция нысанын аралап, министр мен әкім Мемлекет басшысының құқық бұзушылықтың алдын алуда халықпен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты. Кездесу барысында елордалық ПД бастығы Марат Төлебаев азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жалпы қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтып берді.

Тәртіп сақшыларының сын-қатерлерге ден қоюының тиімділігі, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу, қызметкерлердің кәсібилігі мен дене даярлығына, сондай-ақ жасалған жағдайларға байланысты. Спорт шеберлігін арттыру үшін полицейлер «Қуат» спорт кешенінде тұрақты негізде жаттығу сабақтарын өткізеді. Бүгінгі таңда бассейнге, заманауи спорт залдарына және жөндеу жұмыстарына үлкен қажеттілік бар. Патрульдік полиция полкінде қызмет атқаруға кірісетін жеке құрамның, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қойылған міндеттерді орындаудағы дайындығы тексерілді.

Жыл сайын елордалық полицияның материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатқаны атап өтілді. Қолданыста құқықтық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес үшін заманауи техника мен қызметтік авто­көліктер бар. Өткен жылы елорда әкімдігінің қолдауымен тәулік бойы қызмет атқаратын патрульдік полиция полкі, учаскелік инспекторлар және кезекші бөлімдер сияқты Полиция департаментінің сыртқы қызметтері үшін 103 автокөлік сатып алынды. Мұның бәрі ішкі істер органдарының ашықтығы мен қолжетімділігі, елорда тұрғындары мен полицейлер арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін жасалады, бұл ұсақ құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алуға мүмкіндік береді. АКШ ғимаратында үлгілі қызмет атқару мақсатында қызметтік автомашиналарға арналған жуу пункті көрсетілді.

Делегация сондай-ақ шетелдік авто­көліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау процесінің дайындығы мен алгоритмін тексеру үшін арнайы ХҚКО барды. Сондай-ақ мамандандырылған ангарда Полиция департаменті қызметкерлерінің көлік құралдарын тексеруге және халыққа қызмет көрсетуге дайындығы қаралды. ІІМ басшысы мен елорда әкімі елордада қоғамдық тәртіпті сақтау маңызды және мұнда азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс екеніне назар аударды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button