Жаңалықтар

Қоғам тәртібі бақылауда

Кеше Астана қаласы мәс­ли­ха­тының алтыншы шақы­ры­лы­мында сессия қарауына енгі­зілген мәселенің бірі – құқық қорғау қызметі. Депутаттар Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевтың есебін тыңдады.

08-1

Бүгінде жергілікті полиция қызметінде 1500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Қала әкімдігімен тығыз жұмыс істейтін олар құқықбұзушылықты болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі ережесін бақылау, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алумен айналысады.
Жергілікті полиция басшысы өз сөзінде қала әкімдігінің қолдауымен материалдық-техникалық база жақсарып келе жатқанын айтты. Мәселен, жергілікті атқарушы органмен бірлесе 340-қа жуық бейнетіркегіш пайдалануға берілген. Жыл басынан бері оның көмегімен 1000-нан астам адам жауапқа тартылған. Бұдан бөлек жолдағы құқықбұзушылықты төмендетуге де едәуір септігі тиген. Жолдағы апат, кісі өлімі мен жарақат алу саны сәл болса да азайған. Сонымен қатар, биыл жол полицейлері 1020 жүргізушіні ұстаған. 795 адам жүргізуші куәлігінен айырылса, 92 адам әкімшілік қамауға алыныпты.
Бақытжан Малыбаев, бұған қоса қалада 1865 адамның арнайы есепке алынғанын айтты. Олардың ішінде бұрын сотты болғандар – 500, араққа салынғандар – 700, нашақорлар – 382, жүйке жүйесімен ауыратындар – 264 және кәмелетке толмаған 266 бала тізімде тұр.
Сессия барысында, салаға қатысты мәселелерге кеңінен көңіл бөлінді. Нөлдік төзімділік, халықты ақпараттандыру жұмыстары, алдын алу акциялары, тұрғындарға есеп беру жиындары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар жергілікті полиция басшысы салаға қатысты, соның ішінде азаматтарды тіркеу мәселесіне депутаттардың назарын аудартты.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button