Ел тынысы
Қоғамдағы көкейкесті мәселелер қозғалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Ana tili” газетіне сұхбат беріп, өткен жылдың елеулі оқиғаларына, қоғамдағы көптеген сұрақ тудырған мәселелерге тоқталыпты. Алдағы атқарылар жұмыстар да назардан тыс қалмады. Мұндай тұшымды сұхбаттар жылдағы жақсы дәстүрге айналып келеді.
Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылына» қатысты пікір білдірді. “Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек. Экономиканың көптеген саласында жұмыс қолы жетіспейді. Жұмысшы мамандықтар мол әрі тез табыс табу тұрғысынан қызықтыра қоймауы мүмкін. Бірақ бұл мамандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына да, қоғамдағы мәртебесі жоғары болатынына да кепілдік бар. Мен кәсіпорындарды аралаған кезде жастарды жиі жолықтырамын. Олардың арасында жұмысшы әулеттерінің өкілдері көп екені көңіл қуантады. Мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу. Мен бұл шаруамен үнемі айналысамын”, – деді Президент.
Иә, “Жұмысшы мамандықтар жылын” яғни 2025 жылды – біз үлкен мүмкіндік деп білеміз. Жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орны ретінде бәсекеге қабілетті болып, нағыз шеберлерді әзірлеу – басты мақсатымыз!
Ләззат Разбекова,
Астана қалалық мәслихатының депутаты