Қоғамдағы тәртіп мәселесін талқылады

Алматы ауданы әкімінің аппараты ауданның полиция басқармасымен, көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсету компанияларының басшыларымен, ПИК төрағаларымен, МИБ басшыларымен бірлесе отырып, қоғам мен құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестік мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында қауіпсіздік деңгейін арттыру және үкіметтік органдарға сенім арту мақсатында қоғам мен өзара әрекеттестікті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Халықпен тығыз байланыста болу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жергілікті үлкен мәні бар мәселе және қоғамдастықтың белсене араласуымен ғана мәселені тиімді шешуге ықпалын тигізеді.
Учаскелік полиция инспекторларының ПИК және МИБ-пен бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамдық тәртіп және аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу қамтамасыз етіледі.