#Жаңа Қазақстан

Қоғамды дамытуға үлкен қадам

Елордадағы №89 мектеп қабырғасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.

[smartslider3 slider=2483]

Аталмыш шараға қатысқан қоғам белсендісі Әсима ­Бимендина, Көлік және коммуникация жоғары колледжінің директоры Зулфухар Гаипов, Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектептің директоры Зәуре Жүсіпова және мектеп ұстаздары Президент Жолдауындағы негізгі қағидалар туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды.

«Көбісі өмір сүру жағдайын жақсартуға деген үмітін Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен байланыстырды. Бұл бағдарламалық құжат миллиондаған қазақстандықтардың ұмтылысын алдамағанын атап өткім келеді. Әсіресе, ­Президенттің партияларды тіркеу процесін жеңілдету туралы шешімі маған ерекше ұнады. Бұл – саяси плюрализмге, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған үлкен қадам. Оның бастамаларының арқасында Қазақстанда инклюзивті саяси және экономикалық институттардың қарқынды дамуы басталады. Ал бұл өз кезегінде еліміздің және оның азаматтарының гүлденуі мен әл-ауқатының басты шарты» деді Зулфухар Гаипов.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button