Жаңалықтар

Қоғамдық кеңес ескертті

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында әкімдіктің бірнеше нормативтік құқықтық актілерінің жобалары қаралды. 

Ауылшаруашылығы басқармасының тарапынан түскен «Басым дақыл­дардың тізімі мен субсидиялау нормалары бекіту туралы» және қала аумағында жәрмеңкелік іс-шаралар ұйымдастыру тәртібінің жобаларына кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерінің талапқа сай болып, сатылатын өнімдердің сапасы мен бағасы тартымды болуын қадағалау қажеттігін ескертті. Және мұндай жәрмеңкелерді қала бойынша көптеген орындарда тұрақты түрде ұйымдастыру арқылы тұрғындарға қолайлы ету мүмкіндігін қарастырды.
Астана қаласының ақылы көше­лерімен жүріп өту үшін ақы алу тәртібін енгізу жобасы жөнінде Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов өз ақпаратымен бөлісті. Бұл ретте де кеңес мүшелері алдын ала түсіндіру жұмыстарына мән беру керектігін ескертіп, жаңа жобаны қолдайтындарын білдірді. Әлі де халық талдауына ұсынылатын жаңа жоба қала көшелеріндегі көлік кептелістерін жеңілдетуге және автокөлік құралдарынан бөлінетін ауаны ластайтын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға зор мүмкіндік ретінде басымдық берілмек. Қоғамдық кеңес мүшелерінің көп сұрақтарын туындатқан мәселенің бірі – мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінде қатысты болды. Білім басқармасының есебін тыңдаған кеңес мүшелері осы күнге дейін кезекте тұрған сәбилердің толық тізімін анықтап, бір ай көлемінде нақты мәлімет ұсынуын талап етті.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button