ЖаңалықтарҚала мен Сала

Қоғамдық кеңес мақұлдады

394490fcb2b256ccc72c1fc10c030bbd

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынды ашқан кеңес төрағасы Сансызбай Есілов жиналғандарды күн тәртібінде қаралатын әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларымен таныстырып өтті.

Одан соң «Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің былтырғы қау­лы­сына өзгерістер енгізу жайында қалалық Коммунал­дық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарья­нов баяндама жасады. Кеңес мүшелері ұсыныл­ған өзгерістерді түгелдей мақұл­дады.
Ал қалалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Абильдинов жиналғандарды «Астана қаласында әлеуметтік-еңбек сала­сындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулыға енгізілетін өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ ол «Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қалалық әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу жобасы жөнінде де баяндады. Кеңес мүшелері бұл жобаларды қолдады.
Аталмыш басқарманың «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және тиісті әкімшілік-аумақтағы еңбекке шетелдік қол күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту жөніндегі жобасына да кеңес мүшелері келісімдерін берді.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button