Жаңалықтар

Қоғамдық кеңес мақұлдады

Кеше қалалық мәслихатта Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар құқықтық актілердің жобалары талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша қалалық мемлекеттік сәу­лет-құрылысын бақылау бас­қармасының жетекшісі Т.Құлы­шевтың ұсынысы тың­далды. Ал қала шекарасын кеңейту туралы Астана қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Нұркенов өзгеріс­тердің Астана халықаралық әуежайындағы жаңа терминал құрылысы үшін ұлттық пантеон мен қалалық зиратқа орын бөлу үшін туындаған қажеттілік екенін айтты. «Жоспарланып отырған кешенді шараларды жүзеге асыру үшін Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Майбалық көлінің жанында қалаға іргелес жатқан жалпы ауданы 7300 гектар жер қала аумағына қосылып алынбаса, оны іске асыру мүмкін емес» деді басқарма басшысы.
Астана қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Әлнұр Сейдуманов БАҚ, бизнес өкілдеріне және азаматтарға мемлекеттік мәліметтер базасын кеңінен пайдалануға мүмкіндік беретін ашық мәліметтер интернет-порталында жарияланатын ақпараттар тізімін талқыға салды. «Барлық ақпарат бір жерге және ыңғайлы болатындай жиналады. Алдағы уақытта ашық мәліметтердің ішінде өзектендіру кезеңі, мерзімдері, дереккөздер, жауапты тұлғалардың дерегі беріледі. Алдағы уақытта тізім кеңейе түспек, – деді Ә.Сейдуманов.
Аталған жоба Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірауыздан бекітілді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button