Елорда тынысы

Қоғамдық кеңес жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан қаласының жаңадан сайланған қоғамдық кеңесінің І отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Зұлпыхар Ғайыпов, ал орынбасары болып Зейнолла Шибкенов сайланды. Зұлпыхар Ғайыпов – Көлік және коммуникация жоғары колледжінің директоры, ал Зейнолла Шибкенов – «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. Қоғамдық кеңес мүшелері үш жылға сайланады.

[smartslider3 slider=2675]

Сондай-ақ әртүрлі бағыт бойынша бес комиссия бекітіліп, оның төрағалары сайланды. Атап айтсақ, Ақпараттық-талдау жұмысы мәселелері жөніндегі комиссия, Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия, Әлеуметтік саясат саласында азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жөніндегі комиссия, Кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық саясаты саласындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссия, Энергия тиімділігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия құрылды.

Мұнымен қоса Қоғамдық кеңес президиумының құрамы бекітілді, оған Қоғамдық кеңес төрағасы, оның орынбасары және комиссиялардың төрағалары кіреді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button