Елорда тынысы

Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді

Бүгін Астана қалалық мәслихатында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

“Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2024  жылдың  11 қыркүйекте сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:

  1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы «Қаланың жасыл желектері мен су артерияларының жай-күйі, оларды паспорттау және цифрландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы» Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын іске асыру барысы туралы есебі.
  2. Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын аңықтау туралы.
  3. «Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 11-1383 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 11-963 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
  4. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі ақпараты”, делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button