Елорда тынысы

Қоғамдық кеңістік ашылады

Елордадағы жаңа мешіттің кіреберіс аллеясының алдында қоғамдық кеңістік ашылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазір бұл жерде абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

[smartslider3 slider=3218]

Қоғамдық кеңістік Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылы және Сауран, Хусейн бен Талал көшесінің бойында орналасқан. Орталық аллеяда ұзындығы 300 метр субұрқақ орналасқан. Алдағы уақытта көлеңкелі шатыр­лар, шағын сәулет нысандары орнатылады және сол аумақтың барлығы көгалдандырылады. Бұдан бөлек, жаяу серуендеу­ге және демалуға арналған орындар мен көлік тұрақтары қарастырылған.

– Бұл – еліміздегі және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Негізгі күмбезінің биіктігі – 90 метр, мұнарасы – 130 метр. Жыл сайын осы аумақты қосымша көгалдандырып, қоғамдық кеңістікті жақсартамыз. Ол кезең-кезеңімен абаттандырылған үлкен саябаққа айналады, – деді қала басшысы.

Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға арналған. Құрылысы демеушілік қаражат есебінен жүргізіліп жатыр.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button