Елорда тынысы

Қоғамдық кеңістік еселеп көбейеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселесі туралы айтты.

[smartslider3 slider=2871]

«Елорданы ең алдымен жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін дамытып жатырмыз. Осы мақсатта абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер санын жыл өткен сайын еселеп арттырамыз. Бұл демалуға, серуендеуге және спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Қаланы аралау барысында абаттандырылатын және әрі қарай дамытатын орындарға бардым. Абаттандыру жұмысы қаланың барлық ауданында, әсіресе елді мекендерде жүріп жатыр.

Мәселен, Алматы ауданында (Б.Момышұлы мен М.Төлебаев көшелерінің қиылысы, «Дәулет» теннис орталығының маңайы) осыған дейін қараусыз қалған орынға «Жерұйық-2» саябағы салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бірлік күні мерекесі қарсаңында қала тұрғындарымен және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен бірге гүлзар орнатып, ағаш отыр­ғыздық. Сондай-ақ биыл жазғы маусымда осы жерде волейбол және баскетбол алаңдарын, жүгіру жолын, ворк-аут аймағын, серуендеу инфрақұрылымын және демалыс аймағын салуды жоспарлап отырмыз.

Бұдан бөлек, осыған де­йін салынған қаланың өзге де саябақ­тарына күтім жасап, әрі қарай абаттандыру жұмысымен айналысу қажет. Өзен жағасындағы саябақта («Қалалық романс» тұрғын үй кешенінің жаны) бұрын балалар мен ересектерге арналған бірнеше аймақ абаттандырылды: бұл жерде 2 қабатты бақылау мұнарасы, «питон» ойын алаңы (арқан құрылымы), шатыры бар төбешіктер, үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері және т. б. ашылды. Биыл да аумақты көгалдандыру жұмысын әрі қарай жалғастырамыз, сол ­сияқты алма ағаштары отырғызылды. Олар алғашқы жемісін келесі жылы беруі керек. Бұл парктің ерекшелігі – Триатлон паркі мен көпір асты кеңістігін өзара жалғайды. Осылайша қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын шағын аудан құрылады.

Осыған дейін «Көктал» елді мекенінде аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылған. Қоғамдық кеңістік 3 үлкен аймаққа бөлінген: тыныш демалыс аймағы – ол жерде амфитеатр орнатылған, яғни ашық аспан астында кинотеатр ұйымдас­тыруға болады, ротонда жас жұбайлар неке қию рәсімін өткізе алады, сол сияқты демалыс және спорт аймағы бар.

Биыл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында тағы 200-ден аса аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Осыған дейін 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды» деді елорда әкімі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button